Тоқаев Түркістанға рухани және тарихи елорда мәртебесін беруді ұсынды

Күні: 10:01, 28-09-2022.

Түркістан. 28 қыркүйек. ҚазТАГ – Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістанға рухани және тарихи елорда мәртебесін беруді ұсынды, деп хабарлады Ақорда баспасөз қызметінен.
«Түркістан – бәріміздің мақтанышымыз, екі дүние есігі, ер түріктің бесігі атанған бүкіл әлемге танымал қасиетті жер. Біз киелі шаһарды рухани және тарихи елордамыз десек, дұрыс пайым болатынына күмәнім жоқ. Сондықтан Үкімет таяу арада Түркістан қаласына осындай мәртебе беру мәселесіне қатысты лайықты шешім қабылдайды деп ойлаймын», - деп мәлімдеді Тоқаев Түркістан облысына жасаған сапары барысында.
Мемлекет басшысы қазақ жылнамасына алтын әріппен жазылған көптеген тұлғаларымыздың осында жерленгеніне тоқталып, былтыр қалаға Түркі әлемінің рухани астанасы деген мәртебе берілгенін айтты. Президенттің пікірінше, бұл оқиға Түркістанды тұтас түркі жұрты ерекше қадірлейді дегенді білдіреді.


Жаңалықтармен бөлісу: