Тоқаев шенеуніктердің автокөліктеріне мемлекеттік қаржының біраз бөлігінің жұмсалатынын қозғады

Астана. 26 қаңтар. ҚазТАГ – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев шенеуніктердің автокөліктеріне мемлекеттік қаржының біраз бөлігінің жұмсалатынын көтерді, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«Орталық мемлекеттік органдар басшыларының автопаркін ұстап тұру үшін айтарлықтай бюджет қаражаты жұмсалады. Бір ғана автомобиль үшін орташа есеппен жылына 6 миллион теңгеден астам қаржы шығындалады. Бірқатар елде жеке қызметтік көліктің орнына ақшалай өтемақы төлеу тәжірибесі енгізілген. Бұл тәжірибе біздің елде де, нақты айтқанда елорда әкімдігінде қолданылған. Мұндай әдіс «Самұрық-Қазына» қорында апробациядан сәтті өтті. Бұл қызметтік көліктердің санын едәуір қысқартуға және әкімшілік шығындарды 1,5 миллиард теңге көлемінде азайтуға мүмкіндік берді», - деді Тоқаев сейсенбідегі үкіметтің кеңейтілген отырысында.
Еске салсақ, мамыр айының басында президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Егемен Қазақстан» газетіне берген сұхбатында Қазақстанда қаржыны бөлу рәсімінің өзгергенін хабарлап, дағдарыс жағдайында елде бюджет қаржысына автомобиль мен жиһаз сатып алынбайды деп уәде берген еді. Агенттік анықтағандай, жеңіл көлік, жиһаз сатып алуға арналған лоттар және басқа да көптеген тендерлер мемлекет басшысының уәдесіне, және қазақстандықтар өз туыстарын аман алып қалу үшін өз ақшасына оттегі баллондарын, ӨЖЖ аппараттары мен COVID-19 емделу үшін дәрі-дәрмек сатып алуға мәжбүр болып отырған жағдайға қарамастан өткізіліп жатыр. Бұл туралы «Оба кезіндегі тендер – коронавирус кезінде Тоқаевтың уәдесіне қарамай мемқаржысы қалай шашылып жатыр» материалында оқи аласыздар.

adimage