Астана. 14 маусым. ҚазТАГ – Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттіктерінің төрағаларын тағайындады, деп хабарлады ақорда баспасөз қызметінен.
«Анар Нұралықызы Жайылғанова Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы болып тағайындалсын», - делінген жұмада Ақорда сайтында жарияланған хабарда.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметінің төрағасы болып Шпекбаев тағайындалды.
«Алик Жатқамбайұлы Шпекбаев Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) төрағасы болып тағайындалсын», - делінген құжатта.
Еске салсақ, 13 маусымда қазақстан презиенті Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігін екі ведомствоға бөлу туралы жарлыққа қол қойған еді – ҚР мемлекеттік қызмет істері агенттігі және ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі.
Қатысты сілтемелер
-
Қазақстанның 11 облысында дауылды ескерту жарияланды19 Сәуiр 2024, 18:02
-
Жапаровтың Қазақстанға сапарының қорытындысы бойынша 10 ға жуық құжатқа қол қойылды19 Сәуiр 2024, 16:57
-
Екіжақты келіссөздер өзара байланыстарды одан әрі дамытуға жол ашады- Тоқаев19 Сәуiр 2024, 15:48