Астана. 12 тамыз. ҚазТАГ – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинге коронавирусты инфекцияға (КВИ) қарсы әлемдегі ең бірінші вакцинаның тіркелуімен құттықтады, деп хабарлады Ақорда баспасөз қызметінен.
«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинге COVID-19 індетіне қарсы әлемдегі ең бірінші вакцинаның тіркелуіне орай құттықтап, жеделхат жолдады», - делінген сәрсенбідегі хабарда.
Қазақстан президентінің пікірінше, «бұл оқиға Ресей ғылымының жоғары әлеуеті мен беделін нақтылай түсті. Сондай-ақ Ресейдің осы жаһандық қауіп-қатерге қарсы күрестегі жетекші рөл атқаратынын көрсетті».
«Әлемде қалыптасқан осынау қиын-қыстау кезеңде Қазақстанға үнемі қолдау көрсетіп, оның ішінде, гуманитарлық көмек беріп және еліміздегі санитарлық-эпидемиологиялық ахуалдың жақсаруына үлкен үлес қосқан дәрігерлер жібергеніңіз үшін Сізге ризашылық білдіреміз», - деп жазды Тоқаев жеделхатында.
Хабарда атап өтілгендей, ол аталмыш саладағы Қазақстан мен Ресейдің тиімді қарым-қатынасын жоғары бағалады.
«Тамыз айының екінші жартысында Үкіметтік делегация ресейлік вакцинаны сатып алу мәселесін талқылау үшін Мәскеуге барады», - деді Тоқаев.
Қатысты сілтемелер
-
Тоқаев Қытайдың қорғаныс министрін қабылдады25 Сәуiр 2024, 17:48
-
Тоқаев жаңа бизнес-омбудсменді тағайындады25 Сәуiр 2024, 17:23
-
Шымкентте аялдама павильонын орнатуға Т1,1 млрд астам қаражат жұмсауды жоспарлауда25 Сәуiр 2024, 15:28