Тоқаев пен Меркель Германияда келіссөздер өткізді

Астана. 5 желтоқсан. ҚазТАГ – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен неміс канцлері Ангела Меркель Германияда келіссөздер өткізді, деп хабарлады мемлекет басшысының баспасөз қызметінен.
«Қазақстан Президентін ресми қарсы алу рәсімі Федералдық канцлердің ведомстволық ғимаратының алдында өтті. Қазақстанның, Германияның және Еуропалық Одақтың тулары көтеріліп, Бундесвердің бас оркестрі екі мемлекеттің әнұрандарын орындады. Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ангела Меркель Құрмет қарауылын аралап шықты. Содан кейін екі елдің ресми делегациясының құрамы таныстырылды. Салтанатты рәсімнің соңында Қазақстан Президенті мен Германия Канцлері кеңейтілген құрамда келіссөздер өткізді», - деп хабарлады бейсенбіде Ақордадан.
Хабарда аталғандай, келіссөздер барысында екіжақты байланыстарды жандандыруға және стратегиялық экономикалық серіктестік орнату перспективаларына баса мән берілді.
«Сондай ақ білім, ғылым және мәдениет салаларындағы өзара ықпалдастық мәселесі сөз болды», - делінген хабарда.

adimage