Тоқаев Орталық Азия мемлекеттері мен Еуропалық Одақ басшыларының кездесуіне қатысу үшін Қырғызстанға жұмыс сапарымен барды

    Астана.2 маусым.ҚазТАГ- Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық Азия мемлекеттері мен Еуропалық Одақ басшыларының кездесуіне қатысу үшін Қырғызстанға жұмыс сапарымен барды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
   «Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық Азия мемлекеттері мен Еуропалық Одақ басшыларының екінші кездесуіне қатысу үшін қырғыздың Шолпан-Ата қаласына жұмыс сапарымен барды»,- делінген жұма күнгі хабарламада.
   Мемлекет басшысын әуежайда Министрлер Кабинетінің Төрағасы – Қырғызстан Президенті Әкімшілігінің басшысы Ақылбек Жапаров қарсы алды.
   «Саммитке Қасым-Жомарт Тоқаевпен қатар Еуропалық Кеңестің Президенті Шарль Мишель, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон, Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев және Түрікменстан Министрлер Кабинеті төрағасының орынбасары Нұрмұхаммет Аманнепесов қатысады деп жоспарланып отыр»,- деп мәлімдеді Ақорда.

adimage