Тоқаев ЕҚЫҰ ДИАҚБ директорын қабылдады

   Астана. 24 маусым. ҚазТАГ-Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропадағы қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымының (ЕҚЫҰ) Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюросының директоры Матео Мекаччиді қабылдады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
   "Қасым-Жомарт Тоқаев ЕҚЫҰ-ның Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюросының директоры Матео Мекаччиді қабылдады. Мемлекет басшысы Матео Мекаччиді қарсы ала отырып, оның сапары ЕҚЫҰ-мен ынтымақтастықты нығайту тұрғысынан маңызды екенін атап өтті. Тараптар Қазақстан мен ЕҚЫҰ ДИАҚБ арасындағы демократияны дамыту, адам құқықтары мен заңның үстемдігін қамтамасыз ету саласындағы ынтымақтастықты дамытудың жағдайы мен перспективаларын талқылады", - делінген жұма күнгі хабарламада.
Президент Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі Уәкіл мен ЕҚЫҰ ДИАҚБ арасындағы өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойылуын құптады. Оның айтуынша, бұл еліміздің ДИАҚБ-мен тығыз серіктестікті дамытуға және ЕҚЫҰ құндылықтарын ұстануына дайын екендігін айқын көрсетеді. Тоқаев ДИАҚБ директорына жаңа Қазақстанды құруға бағытталған ауқымды реформалардың негізгі мақсаттары мен міндеттері туралы айтып берді.
Өз кезегінде Матео Мекаччи ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясы аясында Мемлекет басшысымен жұмыс істеген кезеңін және Қазақстанға өткен сапарларын жылы лебізбен еске алды. ДИАҚБ директоры Қазақстанмен ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға дайын екенін атап өтіп, біздің елмен өзара іс-қимылдың белсенді дамуына қанағаттанушылық білдірді.
Ол сондай-ақ Президент Тоқаевтың басшылығымен жүзеге асырылып жатқан ауқымды реформаларды қолдау туралы мәлімдеді және Қазақстан ЕҚЫҰ-ның маңызды серіктесі болып табылатынын атап өтті.

adimage