Тоқаев Бішкектегі Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ филиалына барды

Астана. 27 мамыр. ҚазТАГ - Қазақстан Президенті Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті филиалының ашылу рәсіміне қатысты, деп хабарлады Ақорда ресми сайты.
«Қазақстан Президентінің Қырғызстанға жасаған ресми сапарының бағдарламасы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Садыр Жапаровтың Бішкекте Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті филиалының ашылу рәсіміне қатысуымен аяқталды. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры Жансейіт Түймебаев екі мемлекеттің басшыларына университет аудиторияларын көрсете жүріп, оқу ордасының білім беру және ғылыми жобалары, соның ішінде қырғыз студенттері үшін грант бөлу жоспары туралы айтты», - делінген хабарда.
Университетті аралап көру барысында президенттер жоғары оқу орнының оқытушы-профессорлар құрамымен және ҚазҰУ-дің қырғызстандық түлектерімен әңгімелесті.
Қасым-Жомарт Тоқаев «Құрметті қонақтар кітабына» қолтаңбасын қалдырды.

adimage