Астана. 18 сәуір. ҚазТАГ – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – ҚР Қарулы күштері бас штабының бастығы Мұрат Бектановпен кездесуде ҚК әскери дайындығы деңгейін арттырудың маңыздылығын атап өтті, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – ҚК бас штабының бастығы М.Бектановты қабылдадым. ҚР әскери дайындық деңгейін арттырудың, еліміздің қорғаныс жоспарын сапалы жүзеге асырудың маңыздылығын атап өттім. Мемлекетіміздің қауіпсіздігіне төнуі мүмкін әскери қауіптерге талдау жүргізу жұмыстарын күшейтуді, ҚР қарулы күштерін ары қарай нығайтуға тұжырымды шешімдер әзірлеуді тапсырдым», - деп жазған Тоқаев бейсенбі күні өзінің Twitter парақшасында.
Бұған дейін хабарланғандай, Тоқаевқа Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери дайындығының жағдайы және елімізді қорғау жоспарларын жүзеге асыру жөніндегі Бас штабтың жүргізіп жатқан жұмысы туралы баяндалған еді.
Қатысты сілтемелер
-
Орман авиациалық жұмыстарды орындау үшін тікұшақтарды жалдауға Т4,9 млрд жұмсамақшы25 Сәуiр 2024, 13:40
-
Өзгелердің теріс ықпалына түспейтін өз идеологиямызға сүйенуіміз керек – Тоқаев25 Сәуiр 2024, 13:02
-
Қазақстан аумағының жартысын тасқын су басып қалды – Тоқаев25 Сәуiр 2024, 12:39
-
ҚХА сессиясы ауыр жағдайда өтіп жатыр, әйтседе ол бізге керек – Тоқаев25 Сәуiр 2024, 12:32