Тоқаев қазақстандық құтқарушыларды кәсіби мерекелерімен құттықтады

Астана. 19 қазан. ҚазТАГ – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандық құтқарушыларды кәсіби мерекелерімен құттықтады, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«Құтқарушыларды кәсіби мерекесімен құттықтаймын! Табиғи және техногендік апаттар дәуірінде сіздердің еңбектеріңіздің мемлекеттік маңызы арта түседі. Биыл ТЖМ қызметкерлері 9,5 мың адамды құтқарды. Мемлекет ерен еңбектеріңізді бағалайды. Сіздерге зор денсаулық, мол табыс тілеймін!» - деп жазған Тоқаев әлеуметтік желідегі Twitter парақшасында.

adimage