Тоқаев: Астанада инфляция 23% -ға жеткен, бұл – республикадағы ең төменгі көрсеткіштердің бірі

    Астана.31 қаңтар.ҚазТАГ- Астанада инфляция 23% -ға жеткен, бұл – республикадағы ең төменгі көрсеткіштердің бірі, деді президент Қасым- Жомарт Тоқаев.
   «Былтырғы жылдың қорытындысы бойынша бағаның қымбаттауы 23 пайызға жеткен. Бұл – республикадағы ең төменгі көрсеткіштердің бірі. Астанада азық-түлік бір жылда орта есеппен 25 пайызға қымбаттады»,- деді Тоқаев .
   Оның сөзінше, әкімдік тұрақтандыру қорында резерв жинауды қойып, "айналым схемасы" аясында сауда желілеріне жеңілдікпен займ беруге көшті.
   «14 миллиард теңге бөлінгенімен, қабылданып жатқан шаралар тиімсіз екенін айтты. Бұл – өңірлер арасындағы ең жоғары көрсеткіш. Қабылданып жатқан шаралардың тиімсіз екені анық. Жылдар бойы елорданың айналасында азық-түлік белдеуін дамыту туралы айтылды, Бірақ жұмыс орындалмады. Астана азық-түлікті Алматыдан 4 есе, ал Шымкенттен 2 есе аз өндіреді. Жалпы, барлық өңірмен салыстырғанда қала бұл көрсеткіш бойынша соңғы орында тұр. Кейінгі 8 жылда елордаға әкелінген азық-түлік импорты 3 есеге артты",- деді мемлекет басшысы.
   «Негізінен осы жерде шығаруға болатын өнімдер туралы сөз болып отыр. Бұл ретте жергілікті қайта өңдеу кәсіпорындары тек жарым-жартылай жұмыс істеп тұр.Көкөніс сақтайтын қойманың жетіспеуі салдарынан жағдай қиындап отыр. Сондықтан 2025 жылға дейін қалада 13 мың тоннадан астам көкөніс сақтайтын қоймалар салу керек»,- деді Тоқаев.

adimage