Тоқаев Ашхабадтағы ТМД мемлекет басшылары кеңесінің отырысына қатысады

Күні: 09:58, 10-10-2019.

Астана. 10 қазан. ҚазТАГ – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ашхабадтағы ТМД мемлекет басшылары кеңесінің (МБК) отырысына қатысады, деп хабарлады мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Құрманғали.
«Қазанның 11-і күні Қазақстан Президенті жұмыс сапарымен Түрікменстан Республикасына барып, Ашхабадта өтетін ТМД мемлекеттері басшыларының Кеңесіне қатысады», - деп жазды Құрманғали сәрсенбіде әлеуметтік желіде.
Сондай-ақ, ол хабарлағандай мемлекет басшысы 10 қазанда Маңғыстау облысына жұмыс сапарымен баратынын айтты.
«Жұмыс сапары аясында президент жазушы Әбіш Кекілбаевқа арналған ескерткіштің ашылуына қатысады, сонымен қатар Ақтаудағы облыстық тарихи-өлкетану мұражайына барады», - деді баспасөз хатшысы.
Еске салсақ, 2019 жылдың 11 қазанында Ашхабадта ТМД мемлекеттері басшылары кеңесінің (МБК) отырысы өтетіні туралы Душанбідегі ТМД МБК-де шешім қабылданған болатын.


Жаңалықтармен бөлісу: