Тоқаев Алматы, Шымкент және бірқатар облыстардың басшыларын тағайындады

Күні: 11:05, 18-06-2019.

Астана. 17 маусым. ҚазТАГ – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы, Шымкент және бірқатар облыстардың басшыларын тағайындады, деп хабарлады мемлекет басшысының баспасөз қызметінен.
«Қазақстан Республикасы Конституциясының 87-бабының 4-тармағына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: Бауыржан Қыдырғалиұлы Байбек – Алматы қаласының әкімі; Ғабидолла Рахметоллаұлы Әбдірахымов – Шымкент қаласының әкімі; Ермек Боранбайұлы Маржықпаев – Ақмола облысының әкімі; Оңдасын Сейілұлы Оразалин – Ақтөбе облысының әкімі; Амандық Ғаббасұлы Баталов – Алматы облысының әкімі; Нұрлан Асқарұлы Ноғаев – Атырау облысының әкімі; Асқар Исабекұлы Мырзахметов – Жамбыл облысының әкімі; Ерлан Жақанұлы Қошанов – Қарағанды облысының әкімі; Архимед Бегежанұлы Мұхамбетов – Қостанай облысының әкімі; Қырымбек Елеуұлы Көшербаев – Қызылорда облысының әкімі; Болат Жұмабекұлы Бақауов – Павлодар облысының әкімі; Құмар Іргебайұлы Ақсақалов – Солтүстік Қазақстан облысының әкімі; Өмірзақ Естайұлы Шөкеев – Түркістан облысының әкімі;Даниал Кенжетайұлы Ахметов – Шығыс Қазақстан облысының әкімі болып тағайындалсын», - делінген дүйсенбіде Ақорда сайтында жарияланған жарлықта.
Хабарда атап өтілгендей, аталмыш жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.


Жаңалықтармен бөлісу: