Астана. 27 қаңтар. ҚазТАГ – Қасым-Жомарт Тоқаевқа теміржол саласын дамыту жоспары туралы баяндалды, деп хабарлады Ақорда баспасөз қызметінен.
«Президент «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Сауранбаевты қабылдады. Мемлекет басшысына ұлттық компанияның былтыр атқарған жұмыстарының негізгі нәтижесі, теміржол саласын дамытудың алдағы кезеңге арналған жоспары, сондай-ақ берілген тапсырмалардың орындалу барысы жөнінде мәлімет берілді», – делінген хабарда.
Ақпарға сәйкес, «Қазақстан темір жолы» ҰҚ» акционерлік қоғамының жүк тасу айналымы 252 миллиард тонна-шақырымға дейін артты. Бұл – еліміздің тәуелсіздік жылдарындағы ең жоғары көрсеткіші. ЖПЭ-мен (жиырма пұттық эквивалентпен) есептегенде, жалпы контейнермен тасымалдау көлемі 1,129 мыңға дейін өсті.
Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаевқа инфрақұрылымдық жобалардың іске асырылуы жөнінде баяндалды. Үш жылда барлығы 1285 шақырым жол салу жоспарланып отыр. Бұл жүк тасымалының көлемін ұлғайтып, еліміздің экспорттық әлеуетін арттыруға мүмкіндік береді. Теміржол құрылысында пайдаланылатын қазақстандық өнімдер мен қызметтердің үлесі – 85 пайыз.
Бұдан бөлек, «Қазақстан темір жолы» басшысы Президентке халықаралық көлік дәліздерін дамыту және Ақтау, Құрық теңіз порттарының өткізу қабілетін кеңейту жұмыстарының барысы, сондай-ақ шетелдік ірі көлік-логистикалық компаниялармен ынтымақтастық мәселелері жөнінде айтты.
«Кездесу соңында Мемлекет басшысы теміржол инфрақұрылымын дамытуға және жаңғыртуға қатысты бірқатар нақты тапсырма берді», - делінген хабарда.
Қатысты сілтемелер
-
KASE саудасында теңгенің орташа бағамы Т1,35-ке өсіп, Т446,77 болды29 Наурыз 2024, 17:43
-
Кіші медициналық персоналдың жалақысы төрт жылда екі есеге артады - Дүйсенова29 Наурыз 2024, 17:35
-
Ақтөбе облысында Ақтөбеден басқа тағы төрт ауданда ТЖ режимі жарияланды29 Наурыз 2024, 17:20
-
Көкшетауда су тасқыны салдарынан ТЖ режимі жарияланды29 Наурыз 2024, 17:06
-
Маңғыстауда теңіз жағалауынан 40 итбалықтың өлексесі табылды29 Наурыз 2024, 16:08