Тоқаев 2020 жылдың 1 ақпанына дейін ЕАЭО-тан әкелінген көліктерді уақытша тіркеуді қамтамасыз етуді тапсырды

Астана. 24 қаңтар. ҚазТАГ – Динара Халдарова. ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылдың 1 ақпанына дейін ЕАЭО-тан әкелінген көліктерді уақытша тіркеуді қамтамасыз етуді тапсырды.
«Үкімет бір ай ішінде бір реттік тәртіппен 2020 жылдың 1 ақпанына дейін ЕАЭО елдерінен жеке қолдану үшін ҚР азаматтары әкелген көліктерді уақытша тіркеуді қамтамасыз етуі керек. Бұл көліктерді тіркеу 2021 жылдың 1 наурызына дейін қолданыста болады», - деді Тоқаев жұмадағы үкіметтің кеңейтілген отырысында.
Сондай-ақ ол атап өткендей, «2021 жылдың 1 наурызына дейін көлік иелері көліктерін тұрақты тіркеуге қоя отырып, кеден алымдары мен кәдеге жарату алымын төлеулері керек, немесе оны елден шығарулары керек, болмаса заңнамада тыйым салынбаған шараларды жүргізуі керек.
Еске салсақ, бұған дейін ҚР ІІМ елімізде бір жылдан астам уақыт жүрген армян және қырғыз көліктерін Қазақстанда тіркелуі керек немесе олар елден шығарылады деп мәлімдеген болатын. Құқыққорғаушылардың жоспары аталмыш көлік иелері арасында түсініспеушілік тудырды – ірі қалаларда күн сайын митингтер өтіп жатты, олар Қазақстанда армян және қырғыз көліктерін қайта тіркеу құнын төмендету немесе басқа да қымбат емес жолмен бұл мәселені шешуді талап етуде.

adimage