Тоқаев 13 шілдені коронавирустен қайтыс болғандарды Ұлттық аза тұту күні деп жариялады

Күні: 10:16, 09-07-2020.

Астана. 9 шілде. ҚазТАГ – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 13 шілдені коронавирустен қайтыс болғандарды Ұлттық аза тұту күні деп жариялады, деп хабарлады агенттік тілшісі. 
«13 шілдені коронавирустен қайтыс болғандарды Ұлттық аза тұту күні деп жариялаймын», - деді Тоқаев сәрсенбіде қазақстандықтарға жасаған телевизиялық үндеуінде.
Ол марқұмдардың туыстары мен жақындарына көңіл айтты.
Соңғы ақпар бойынша Қазақстанда COVID-19 дертінен 264 адам көз жұмған.


Жаңалықтармен бөлісу: