Астана. 8 ақпан.ҚазТАГ- Қазақстандық Джейкоб есімді құтқарушы ит тірі адамның үйінділердің астында болуы мүмкін екендігі туралы белгі берді, деп хабарлайды ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің бапасөз қызметі.
«Түркияда жер сілкінген аймақта жұмыс істеп жатқан қазақстандық құтқарушыларды тағы бір нысанға тарту туралы шешім қабылданды. Бұл - іздестіру-құтқару жұмыстары жалғасып жатқан учаскелердің жанында орналасқан толығымен қираған үй. бұл нысанда ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағының кинологиялық есептобының Джейкоб есімді иті тірі адамның үйінділердің астында болуы мүмкін екендігі туралы белгі берді»,- дкелінген хабарламада.
Джейкобтың белгісі негізінде «тыныштық минутын» жариялау туралы шешім қабылданды. Бұл уақыт көмек сұраған кезде адамдардың үйінділердің астындағы дауыстарын естуге мүмкіндік береді.
«Джейкоб - нағыз дос, малинуа тұқымының иті. Төтенше жағдайға тап болған адамдарға қаншама рет көмектескен. 6 жыл бойы құтқарушы болып жұмыс істейді»,-деп мәлімдеді ТЖД.
Қатысты сілтемелер
-
Түркістанда жолдарды түгендеу және паспорттау қызметіне Т150 млн жұмсамақ28 Наурыз 2024, 17:22
-
ТЖМ Қазақстандағы су тасқыны бойынша жедел ақпарат ұсынуға қауқарсыз болып шықты28 Наурыз 2024, 17:17
-
Ауыр қылмыс жасаған екі күдікті Түркиядан Алматыға жеткізілді28 Наурыз 2024, 17:07
-
Тоқаев ЭЫДҰ бас хатшысымен кездесті28 Наурыз 2024, 16:51
-
Қазақстанда 15 сәуірден жол жүрісі қауіпсіздігі бойынша жаңа жобаның пилоты басталмақ28 Наурыз 2024, 16:34