Теңгенің KASE саудасындағы орташа бағамы Т1,25-ке түсіп, Т377,62/$1 болды

Алматы. 15 ақпан. ҚазТАГ – Қазақстан қор биржасында (KASE) өткен саудада теңгенің АҚШ долларына шаққандағы (USD_TOD) орташа бағамы жұмада Т377,62/$1 болды. Бейсенбідегі сауда күнімен салыстырғанда доллар бағасы Т1,25-ке өсті.

KASE мәліметіне сәйкес, сауда сессиясы барысында теңгенің бағамы $1 үшін Т377 – Т378 аралығында тұрақтады.

KASE мәліметіне сәйкес сауда-саттық көлемі $108,5 млн болды.


adimage