Теңгенің KASE саудасындағы орташа бағамы Т0,17-ге өсіп, Т379,19/$1 болды

Алматы. 18 сәуір. ҚазТАГ – Қазақстан қор биржасында (KASE) өткен саудада теңгенің АҚШ долларына шаққандағы (USD_TOD) орташа бағамы бейсенбіде 379,19/$1 болды. Сәрсенбідегі сауда күнімен салыстырғанда доллар бағасы Т0,17-ге түсті.
KASE мәліметіне сәйкес, сауда сессиясы барысында теңгенің бағамы $1 үшін Т378,80 – Т379,36 аралығында тұрақтады.
KASE мәліметіне сәйкес сауда-саттық көлемі $78,4 млн болды.

adimage