Талдықорғанда Q-net қаржы пирамидасының басшысына 230 адамды алдады деген айып тағылуда

    Талдықорған.26 мамыр.ҚазТАГ- Талдықорғанда Q-net қаржы пирамидасының басшысына 230 адамды алдады деген айып тағылуда, деп хабарлайды ҚМА баспасөз қызметі.
   «Қаржы пирамидасын құрды және оны басқарды деген күдікке ілінген азаматқа қатысты сотқа дейінгі тергеуді ҚМА Жетісу облысы бойынша департаменті жүргізіп жатыр. 2018-2020 жылдар аралығында қаржы пирамидасының қызметіне 231 салымшы тартылып, жалпы сомасы 220 млн теңгеден астам жеке қаражат салынғаны анықталды», - делінген жұма күнгі мәліметте.
   Сот күдіктіге қатысты «қамау» түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берді

adimage