Түркияда қазақстандық құтқарушылар үйінді астында қалған әйелді аман алып шықты

   Астана.8 ақпан.ҚазТАГ- Түркияда қазақстандық құтқарушылар үйінді астында қалған әйелді аман алып шықты, деп хабарлайды Еліміздің Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.
   «Қазір қазақстандық құтқарушылар түрік әріптестерімен бірге жер сілкінісі болған аймақтарда құтқару жұмыстарын жүргізіп жатыр. Түркияға келген қазақстандық құтқарушылар күрделілігі жоғары объектілерге бекітілген. Ақпаратқа сүйенсек, өткен тәулікте бірінші топ көлбеу келген алты қабатты үйді зерттеді, үй шөгіп жатыр, құтқарушылар қиын жағдайда жұмыс істеуде. Блоктан шығару және үйге кіру жүргізілді, іздестіру кезінде қаза тапқан 3 әйелдің денесі табылып шығарылды, үйінділерді тазарту, құрылыс конструкцияларын шығару жүріп жатыр. екінші топ толығымен қираған 9 қабатты екі үйді зерттеді, сонымен қатар жергілікті құтқарушылармен бірге тірі адамды - зардап шеккен әйелді шығарып алды",- делінген сәрсенбі күнгі хабарламада.
   Осы объектіде құтқарушылар 1 адамның денесін тапты.
   «Құтқарушылар қиранды орнында жағдай қиын екенін мәлімдеді. Олар үйінділер арасынан адамдарды жылдам іздестіру үшін барлық қажетті шараны қабылдап жатыр.
Жұмыстар тәулік бойы жүргізілуде" – , деп атап өтті ҚР ТЖМ өкілдері.

adimage