Түркістанның әкімі тағайындалды

Алматы. 22 маусым. ҚазТАГ – Түркістан әкімі болып Әліпбек Өсербаев тағайындалды, деп хабарлады Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметінен.  
«Түркістан облысының әкімі Жансейт Түймебаев ҚР президенті әкімшілігімен және қалалық мәслихат депутаттарымен келісе отырып, Түркістан әкімі етіп Ә.Өсербаевты тағайындады», - делінген жұмадағы хабарда.
57 жасар Ә.Өсербаев 2017 жылдың желтоқсанынан бастап Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары лауазымын атқарған.  
Еске салсақ, 19 маусымда ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен Шымкент республикалық маңыздағы қала атағын алды, ал Түркістан құрылған Түркістан облысының облыс орталығы болды.  
20 маусымда мемлекет басшысының жарлығымен Түркістан облысының әкімі болып Жансейт Түймебаев тағайындалды. Ол бұған дейін ОҚО әкімі болған еді, Шымкенттің әкімі болып   Ғабидулла Әбдрахимов тағайындалды, ол 2015 жылдың тамызынан бастап 2017 жылдың қазанына дейін Шымкент әкімі қызметінде қызмет атқарған, ал сосын ол «Нұр-Отан» партиясының хатшысы болып тағайындалған.

adimage