Түркістан облысында балабақша меңгерушісі жұмысқа орналастыру үшін пара алған деп күдіктелуде

Астана. 14 қазан. ҚазТАГ – Түркістан облысында жұмысқа орналастыру үшін «Қобыланды бөбекжай балабақшасы» МКҚК пара алған деген күдікке ілінді, деп хабарлады сыбайлас жемқорлықпен күрес қызметінен.
«Пара алған деген күдікпен «Қобыланды бөбекжай балабақшасы» МКҚК меңгерушісіне қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Ол тәрбиеші ретінде орналастыру үшін азаматтан Т200 мың көлемінде пара алған деп күдіктелуде», - делінген дүйсенбіде таратылған хабарда.
Ведомствода мәлімдегендей, «күдіктінің кінәлілік деңгейін анықтай отырып, оған қатысты ақырғы шешімді сот шағарады».

adimage