Түркістан облысында 52 өзбекстандық тірілей жанып кеткен автобус иесіне үкім шықты

Күні: 18:30, 14-08-2019.

Шымкент. 14 тамыз. ҚазТАГ – Түркістан облысында 52 өзбекстандық тірілей жанып кеткен автобус иесіне үкім шықты, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«Түркістан облысы Сарыағаш аудандық соты О.М.-ны (Ақтөбе облысында 52 өзбекстандық тірілей жанып кеткен автобус иесі – ҚазТАГ) ҚР ҚК 348 б.4б. бойынша айыпты деп танып, 3 жылға бас бостандығынан айырды, ол жазасын қауіпсіздігі төмен қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтейтін болады. Зардап шегушілердің талап-арыздары ішінара қанағаттандырылды», - деп хабарлады сәрсенбіде Түркістан облыстың сотының баспасөз қызметінен.
Еске салсақ,18 қаңтарда Астана уақытымен 10.30-да Самара –Шымкент тас жолының 1068 шақырымында Setra маркілі жолаушылар автобусы отқа оранып, 52 адам тірілей өртеніп кетті. Олардың барлығы Өзбекстан азаматтары. Өрттен бес адам ғана аман қалды, олардың үшеуі – ҚР азаматтары. Өрт себебі – өрт қауіпсіздігінің сақталмауы. Тергеу нұсқасы бойынша жүргізушілер автобус салонын жылыту үшін дәнекерлейтін лампаны пайдаланған.
Үш аман қалған жүргізуші – Нұржан Қыргызбаев, Мақсат Пернебеков пен Барат Таңатов 5 жылға бас бостандықтарынан айырылды. 7 жыл бойына олар жолаушылар тасымалы саласында жұмыс жасай алмайды. «Азиатранзитсервис» ЖШС механигі Бахадур Пердебаев пен компания директоры Нурлыбек Тлепбаев әрқайсысы 3,5 жылға бас бостандықтарынан айырылды, жазаларын абақтыда өтейді.


Жаңалықтармен бөлісу: