Түнде Қазақстанға шетелден ұшып келген 164 жолаушы карантинге жатқызылды

Астана. 26 қазан. ҚазТАГ – Түнде Қазақстанға шетелден ұшып келген 164 жолаушы карантинге жатқызылды, деп хабарлады Қазақстандағы COVID-19 жағдайына арналған ресми ресурстан.
«26 қазан түні 10 халықаралық әуе рейсімен 1274 жолаушы ұшып келді, соның ішінде анықтамасы бары - 1110 (87%), анықтамасы жоғы - 164 Қазақстан азаматы, оның ішінде: Нұр-Сұлтанда бес рейс - 462 жолаушы, анықтамасы бары - 416, анықтамасы жоғы - 46; Алматыда - төрт рейс, 747 жолаушы, анықтамасы бары - 636, анықтамасы жоғы - 111; Ақтауда - бір рейс. 65 жолаушы, анықтамасы бары - 58, анықтамасы жоғы – жеті», - делінген дүйсенбідегі хабарда.
Хабарда нақтыланғандай, анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары ПТР сынамасын тапсыру үшін Нұр-Сұлтандағы, Алматы мен Ақтау қалаларындағы карантиндік стационарларға жатқызылды.
Хабарда атап өтілгендей, жолаушылар Түркиядан, БАӘ, Мысыр және Беларусиядан халықаралық әуе рейстерімен ұшып келген.

adimage