Петропавл.26 мамыр.ҚазТАГ- Солтүстік Қазақстан облысында ер адам мен оның жылқысы найзағай түсу салдарынан қаза болды, деп хабарлайды ішкі-істер министрлігінің баспасөз қызметі.
«25 мамыр түнде облыстың Аққайың ауданы полиция бөлімінің кезекші бөліміне Аққайың ауданына қарасты Дайындық және Ленинское ауылдарының арасынан ер адам мен оның жылқысының мәйіті табылғаны туралы хабарлама келіп түскен»,- деп хабарлады полицейлер.
Белгілі болғандай, 31 жастағы ер адам жайылымда мал бағып, бақташы болып жұмыс істеген. Денесі далалықтан табылған.
Оған найзағай түскені анықталды. Ер адам мен оның аты сол жерде қайтыс болған
Тергеу амалдары жүргізіліп, сот-медициналық сараптама тағайындалды.
Қатысты сілтемелер
-
Ақмола облысының республикалық автожолдарын орташа жөндеуге Т1,9 млрд астам жұмсамақ
14 Қазан 2024, 16:18 -
AlinEX сарапшылары Қазақстандағы құрылыстық әрлеу материалдары нарығына баға берді
14 Қазан 2024, 16:04 -
«Ақтөбе-Ұлғайсын» жобасы бойынша құрылыс жұмыстары 2025 жылы басталады – Скляр
14 Қазан 2024, 15:01 -
Жетісу облысында театр өнерін қолдауға Т6,2 млрд сұрауда
14 Қазан 2024, 14:58