Смаилов Екібастұздағы ТЖ кейін өңірлердегі энергонысандарға толық техаудит жүргізуді тапсырды

Астана. 29 қараша. ҚазТАГ – Алена Субботина. Қазақстан премьер-министрі Әлихан Смаилов Екібастұздағы апаттан кейін өңірлердегі энергетикалық нысандарға толық техникалық аудит жүргізуді тасырды.
«Энергетика және индустрия министрліктері әкімдіктермен бірге өңірлердегі энергетикалық нысандарға толық техникалық аудит жүргізсін және ақпаратты үкміетке енгізсні. Жылу маусымының алдында жүргізілген күрделі жөндеу жұмыстарының сапасы тексерілсін. «Тәуекел» тобындағы нысандардың құрал-жабдығы мен инфрақұрылымына ерекше назар аударылсын», - деді Смаилов сейсенбідегі үкімет отырысында.
Сонымен қатар ол Екібастұз қаласындағы жылумен жабдықтауды қалпына келтіру жұмыстарын жалғастыруды және апаттың барлық салдарын жоюды тапсырды.
«Энергетика министрлігіне Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігімен бірлесіп, «Екібастұзжылуэнерго» мекемесіндегі технологиялық ережелерді бұзуға қатысты тексеру жүргізсін», - деді премьер.

adimage