Алматы. 19 қазан. ҚазТАГ – РФ президенті Владимир Путиннің ақпарынша, Сирияда лаңкестер ұстап отырған 700 адамның арасында АҚШ пен Еуропа азаматары да бар, деп хабарлады ТАСС.
«Бізде президент (РФ Владимир) Путин айтқандай, соншалқты адамның кепілге алынғандығы туралы ақпар жоқ, біз ондай мәліметтерге мұқият қараймыз», - деп мәлімдеді АҚШ қорғаныс министрлігінің ресми өкілі Шон Робертсон.
Бейсенбіде В.Путин Сирияда әлі күнге дейін көптеген проблемалардың сақталып отырғанын мәлімдеді. Мысал ретінде ол Евфраттың оңтүстігіндегі жағдайды келтірді.
«Бұл аумақ біздің америкалық әріптестердің патронатында тұр, олар күрдтік қарулы құрылымдарды бақылап отыр. бірақ олар нақты бажайламаған – ол жақта бірнеше елді мекенде ИГИЛ өкілдері қалып қойған. Және олар соңғы кездері өз аймақтарын үлкейтіп жатқанға ұқсайды, ол жақтағы 130 отбасыны басып алған, бұл дегеніңіз 700-дей адам, соншасын кепілге алған», - деді президент.
В.Путин содырлардың шарт қойып отырғанын және өз талаптары мен ескертулерін де жасағанын айтты, егер сол талаптары орындалмаған жағдайда күн сайын 10 адамнан атып тастайтындарын айтқан.
«Оның алдыңғы күні 10 адамды атып тастады, олар өз айтқандарын орындай бастады. менің ойымша бұл дегініңіз масқара, апат», - деп мәлімдеді РФ президенті.
Ол атап өткендей, Ресей ақпарынша, кепілге алынғандар арасында АҚШ пен Еуропа елдерінің азаматтары бар.
Қатысты сілтемелер
-
KASE саудасында теңгенің орташа бағамы Т1,35-ке өсіп, Т446,77 болды29 Наурыз 2024, 17:43
-
Кіші медициналық персоналдың жалақысы төрт жылда екі есеге артады - Дүйсенова29 Наурыз 2024, 17:35
-
Ақтөбе облысында Ақтөбеден басқа тағы төрт ауданда ТЖ режимі жарияланды29 Наурыз 2024, 17:20
-
Көкшетауда су тасқыны салдарынан ТЖ режимі жарияланды29 Наурыз 2024, 17:06
-
Маңғыстауда теңіз жағалауынан 40 итбалықтың өлексесі табылды29 Наурыз 2024, 16:08