Астана. 19 қазан. ҚазТАГ - Шымкенттегі көпқабатты үйлердің бірінен шыққан өрттен 7 жасар қыз бала көз жұмды, деп хабарлады ҚР ІІМ ТЖК ресми төрағасы Нұрсұлтан Нұрахметов.
«19 қазанда сағат 09.20-да Шымкенттегі Нұрсәт ықшамауданындағы көпқабатты үйлердің бірінің жатын бөлмесінен өрт шыққан (төсек жабдығы мен жиһаз өртенген). Өрт 09.35-те ауыздықталып, 10.06-ға таман толық сөндірілді. Денесін күйік шалған және есінен танып қалған 2011 жылғы қыз бала ауруханаға жеткізілді, алайда ол жан сақтау бөлімінде көз жұмды», - деді Н. Нұрахметов жұма күні.
Оның айтуынша, тұрғын үйден 63 адам құтқарылған, оның 32-сі бала.
«Өртті сөндіруге өрт сөндіру қызметінің 30 қызметкері мен 3 бірлік техникасы жұмылдырылған. Өрт себебі анықталуда», - деді Н. Нұрахметов.
Қатысты сілтемелер
-
Қазақстанда жыл сайын мас жүргізушілердің кесірінен 700 адам қаза табады17 Сәуiр 2024, 15:18
-
Шымкентте алаяқтық жасағаны үшін нотариус төрт жылға сотталды17 Сәуiр 2024, 14:57