Шымкентте және жеті облыста дауылды ескерту жарияланды

Астана. 20 қаңтар. ҚазТАГ – Шымкентте және жеті облыста дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«21 қаңтарда Түркістан облысында кей жерлерінде тұман, көктайғақ, оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с күтіледі. Шымкент қ.: 21 қаңтарда күндіз оңтүстік-батыстан екпіні 15-20 м/с желдің күшеюі күтіледі. Түркістан қ.: 21 қаңтарда оңтүстік-батыстан екпіні 15-20 м/с желдің күшеюі күтіледі. 22 қаңтарда Түркістан облысының кей жерлерінде оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с, таулы асуларда 30 м/с және одан аса күтіледі. Кей жерлерде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), бұрқасын, тұман, көктайғақ күтіледі», - делінген сәрсенбіде таратылған дауылды ескертуде.
21 қаңтарда Ақмола облысында кей жерлерде жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, күші кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі. Көкшетау қ: түнде 21 қаңтарда жаяу бұрқасын, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15 м/с күтіледі.
«21 қаңтарда Қызылорда облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, тұман, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан, солтүстіктен жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі. Қызылорда қ.: 21 қаңтарда жаяу бұрқасын, тұман, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан, солтүстіктен жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі», - делінген хабарда.
21 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с.
«21-22 қаңтарда Қарағанды облысының кей жерлерінде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), бұрқасын, тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күші 15-20 м/с, кей жерлерде екпіні 23-28 м/с, 22 қаңтарда кей уақыттарда 30 м/с және одан аса күтіледі», - деді «Қазгидрометте».
22-23 қаңтарда Жамбыл облысының кей жерлерінде солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күші 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с, облыстың оңтүстік-батысында 30 м/с және одан аса күтіледі. Кей жерлерде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), бұрқасын, тұман, көктайғақ күтіледі..
«21 қаңтарда Солтүстік-Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерде күші 15-20 м/с күтіледі. Петропавл қ: 21 қаңтарда оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі», - деп ескертті синоптиктер.

adimage