Шымкентте лифтіде баласы бар әйелге шабуыл жасаған күдікті ұсталды

   Шымкент. 26 мамыр. ҚазТАГ – Шымкентте лифтіде баласы бар әйелге шабуыл жасаған күдікті ұсталды , деп хабарлайды Отырар.
   «Шымкент полицейлері жедел іздестіру шараларын жүргізіп, лифтте баласы бар әйелге шабуыл жасаған күдіктіні ұстады», - делінген бейсенбі күні таратқан хабарламада.
   Оқиғаның өзі 25 мамырда болған.
   Ведомство жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде оқиғадан соң бірнеше сағаттан кейін күдіктінің тұлғасы анықталғанын хабарлады. Ол Шымкент қаласының тұрғыны болып шыққан. Оны жедел топ Шиелі станциясындағы пойыз вагондарының бірінен ұстаған. Ер адам қылмыстық қудалаудан жасырынуға тырысқан. Түнде ол Қаратау адандық полиция басқарамасына жеткізілді. "Сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Полицейлер оқиғаның мән-жайын анықтауда",- деді Шымкент қалалық полиция департаментінен.

adimage