Шымкентте 23 тонналық бензовоз аударылды

Шымкент. 17 ақпан. ҚазТАГ - Шымкентте 23 тонналық бензовоз аударылды, деп хабарлады қаланың ТЖД баспасөз қызметінен.
«Жол апаты 17 ақпанда күндіз Бәйдібек би даңғылында (Шымкентте – ҚазТАГ) Бозарық тұрғын үй алаңында орын алды.  «Гелиос» ЖШС-ге тиесілі сыйымдылығы 23 тонна болатын «КамАЗ» жүргізушісі рөлін басқара алмай қалып, жанына аударылған. Соның салдарынан АИ-95 маркалы бензин аққан», - деп хабарлады дүйсенбіде Шымкенттегі ТЖД баспасөз қызметінен.
Ведомствода атап өткендей, төгілген мұнай өнімдеріне өрт сөндірушілердің «Пурга-5» маркалы көпіршік атқылаудың арқасында өрттің алды алынды.
«ТЖ салдарын жоюға Шымкенттегі ТЖД өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары қызметінің жеке құрамдағы 26 адамы мен төрт бірлік техникасы жұмылдырылған. Оқиға кезінде учаске қауіпсіздігін сақтауға полицейлер көмектесті», - деді департаменттен.

adimage