Шымкент әкімімен кездесуді талап еткен көп балалы аналар аштық жариялады

Күні: 18:36, 12-07-2019.

Астана. 12 шілде. ҚазТАГ – Шымкент әкімі Ғабидолла Әбдірахымовпен кездесуді талап еткен көп балалы аналар аштық жариялады, деп хабарлады «Азаттық Радиосы».
«Шымкент әкімдігі ғимаратында ондаған көп балалы ана жиналып, қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымовпен кездесуді талап еткен. Әйелдер, әсіресе көп балалы аналар мен жалғызбасты аналар әкімдік ғимаратының алдында шамамен сағат 10.00-де жиналған. Олар көп балалы аналарды баспанамен қамтуды, төлемді арттыруды талап етіп, әкім Әбдірахымовты олармен кездесуге шығуға шақырған», - делінген жұмадағы хабарда.
Әйелдердің айтуынша, олар отбасыларымен жалдамалы пәтерде жүр немесе әркімнің бұрышында тұрып жатыр. Жиналғандар биліктің тек біржолғы Т100 мың шамасында өтемақы төлейміз дегендеріне нарызылықтарын білдіруде.
«Әкімдіктің бірнеше өкілі жиналғандарды ғимарат ішіне кіруге шақырған. Алайда әйелдер одан бас тартып, әкімнің шығуын талап еткен. Олар әкім шықпаған жағдайда қарсылық ретінде аштық жариялаймыз деген. Оқиға орнына келен прокуратура өкілдері мен полицейлер сырттай қарап қана тұрған», - делінген хабарда.
Бұған дейін хабарланғандай, Нұр-Сұлтанда ондаған көп балалы ана министрлер кабинетінің ғимаратына талаптарын айтып келді. Әйелдер оларды тұрғын үймен қамтуды талап етуде. Оқиға орнында полицейлер көптеп жиналған, автобустар саны да көп. Күш құрылым иелері үкімет үйі мен Ақорда арасындағы жолды жауып тастаған. Әйелдер қоршауға алынған, олар Нұр-Сұлтанның жаңа әкімі Алтай Көлгіновпен кездесуді талап етуде, ал ол сол жердегі шенеуніктрдің айтуынша, министрлер үйіне келген және әйелдермен ғимарат ішінде кездесуді «күтіп отыр».
Еске салсақ, 3 маусымда ондаған әйел алдымен Ақорда ғимаратына келді, сосын үкімет пен парламент арасындағы алаңға көшті.
Көпбалалы аналар қордаланып қалған проблемаларының шешімін табуды, баспанаға қатысты бұған дейін берілген уәделердің орындалуын талап етуде.
Олармен кездесуге Нұр-Сұлтан әкімі Бақыт Сұлтанов, вице-премьер Гүлшара Әбдіхалықова, сондай-ақ, еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев келді. Олар әйелдерге әрқайсысының проблемасын жекелей қарастыру үшін ішке біртіндеп кірулерін сұрады, алайда көп балалы аналар Тоқаев, Назарбаев пен Мамин олармен кездесуге шықпайынша ешқайда кетпейтіндерін айтып, олардың ұсыныстарынан бас тартты.
Көп балалы аналар айтқан проблемалар қашан шешімін табады деген сұраққа билік өкілдері проблемалардың кезең-кезеңімен шешіліп жатқанын мәлімдеді. Алайда әйелдердің өздері ол мәлімдемені теріске шығарып, ешқандай проблеманың шешілмегенін атап айтуда.
Көп балалы аналардың азаматтық акцияларға қатысуы Астанада 4 ақпанға қараған түні Сарыарқа ауданы Шыңғыстау көшесі бойындағы жеке тұрғын үйдің ауласында бөлек орналасқан уақытша жайдан өрт шыққаннан кейін жиілеп кеткен. Өртті сөндіру барысында бес баланың мәйіті табылған: 2006, 2008, 2013, 2015 және 2018 жылы туылған. Құтқарушылар нақтылағандай, ата-аналар ол кезде жұмыста болған. Көптеген қазақстандықтың пікірінше, егер елдегі әлеуметтік-экономикалық жағдай түнгі ауысымдағы жұмысқа бару үшін балаларын қараусыз қалдыруға тура келмейтіндей жағдай жасаса ғана қайғылы жағдайдың алдын алуға болар еді.
Қазақстанның бірқатар өңірлерінде азаматтардың жұмысқа орналастыру және жалақыларын көтеру туралы жаппай талап қоюы, сондай-ақ ірі қалалардағы, соның ішінде Астана мен Алматыдағы көп балалы аналардың митинг өткізуі халықтың көңілі толмаушылықтың нәтижесі болып отыр.
Осы жағдайларға байланысты Назарбаев экс-премъер Бақытжан Сағынтаев бастаған үкіметті отставкаға жіберді. Жаңа үкіметті бұрынғы бірінші вице-премьер Мамин басқарды.


Жаңалықтармен бөлісу: