Шымкент билігі әкім жұмысын қамтамасыз етуге 2019-2022 жылдарға Т3 млрд бөлуді сұрап отыр

Алматы. 15 қараша. ҚазТАГ – Шымкент билігі әкім жұмысын қамтамасыз етуге 2019-2022 жылдарға Т3 млрд бөлуді сұрап отыр, деп хабарлады ҚазТАГ ХАА тілшісі.
Агенттікке белгілі болғандай, жалпы төрт жылда «Республикалық маңызы бар қала, астана әкімінің қызметін қамтамасыз ету» бюджеттік бағдарламасы бойынша Шымкент әкімдігі Т2 945 333 мың бөлуді сұрап отыр: 2019 жылы Т435 615 мың, 2020 жылы Т957 326 мың, 2021 жылы Т768 585 мың және 2022 жылы Т783 807 мың.
Шығындар екі бюджеттік кіші бағдарламалар арасында бөлінген.
«Республикалық бюджеттен трансферттер есебінен» кіші бағдарламасы аясында «2015 жылғы 31 желтоқсандағы №1193 ҚРҮҚ өзгеріс енгізілуіне байланысты техникалық қызмет көрсетуші штаттан тыс қызметкерлердің 102 бірлігіне жалақы төлеу қорына қосымша қажеттілікке» шымкенттік әкімдік 2020 жылы Т24 223 мың бөлуді сұрап отыр. Қалған қаржыны Шымкент билігі «Жүктелген қызметтері мен міндеттерін барынша тиімді атқару үшін техникалық қызмет көрсетушілерге, әкімшілік мемлекеттік қызметкерлер мен штаттан тыс қызметкерлерге төлеуге, басқа да заттар мен негізгі кеерек-жарақтарды сатып алуға, коммуналдық қызметке төлем жасауға, ғимаратты күтіп-ұстауға, қызмет көрсету және басқа де негізгі құралдарға жөндеу жасауға арналған шығындар» деп көрсетіп, «Жергілікті бюджет қаржысы есебінен» аясында сұраған.

adimage