Шығыс Қазақстан және Алматы облыстарында дауылды ескерту жарияланды

Күні: 19:03, 14-08-2019.

Алматы. 14 тамыз. ҚазТАГ – Шығыс Қазақстан және Алматы облыстарында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«15-18 тамыз аралығында Шығыс Қазақстан,Алматы облыстарында және Алматы қ. іргелес аумағында жаңбыр болжамына байланысты, кей жерлерде қатты, таулы өзендерде су деңгейлерінің көтерілуі және бүйірлі ағынның қалыптасуы күтіледі», - делінген сәрсенбідегі хабарда.


Жаңалықтармен бөлісу: