Шетелдіктердің Қазақстанда тұрақты тұруына рұқсат беру ережелері өзгерді

   Астана.6 ақпан.ҚазТАГ- Шетелдіктердің Қазақстанда тұрақты тұруына рұқсат беру ережелері өзгерді, деп хабарлайды Қазақстанның ішкі істер министрлігінін баспасөз қызметі.
   «Қолданыстағы заңнамаға сәйкес келтіру үшін 2023 жылы 6 қаңтар күні ІІМ-нің бұйрығымен тұрақты тұруға рұқсаттар ресімдеу қағидаларына өзгерістер енгізілді. Енді шетелдіктерге тұрақты тұруға өтініш берген күні жарамдылық мерзімі кемінде 180 күнтізбелік күнді құрайтын өзінің шетелдік паспортын ұсыну қажет. Уақытша тұруға рұқсаттар алу үшін тұрғын үй иесінің, оның атынан сенімхат бойынша әрекет ететін адамның баруы не болмаса меншік иесінің нотариалды расталған келісімі қажет»,- делінген хабарламада.
   Өзгерістерге сәйкес рұқсатты ресімдеген кезде көрсетілетін мекенжайда оның тіркеу коды болуы тиіс. Осы шаралар шетелдіктерді жоқ мекенжайларға, сондай-ақ өтініш иесіне қатысы жоқ мекенжайларға тіркеу мүмкіндігін жою мақсатында қабылданды.

adimage