Шетелде оқып жатқан Қазақстан студенттеріне отандық ЖОО-ларға ауысуға көмектеседі – БҒМ

Күні: 09:51, 13-08-2020.

Астана. 13 тамыз. ҚазТАГ – Шетелде оқып жатқан Қазақстан студенттеріне отандық ЖОО-ларға ауысуға көмектесеміз, деп хабарлады ҚР білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметінен.
«ҚР білім және ғылым министрлігі шетелдік ЖОО-ларға өз беттерімен түскен және коронавирус инфекциясы пандемиясы салдарынан проблемаға тап болған студенттерге көмек көрсетуді бастады. Көптеген шетелдік ЖОО-лар қашықтықтан оқыту қызметін көрсетуге көшті, алайда ЖОО-лардың бір бөлігі қашықтықтан оқыту қызметін ұсына алмай отыр. Өздеріне қатысты емес себептерге байланысты оқуын жалғастыра алмаған студенттерге аталмыш елден қайтуға және қалаулары бойынша отандық жоғары оқу орындарына ауысуларына көмек көрсетіледі», - делінген сәрсенбідегі хабарда.
Хабарда нақтыланғандай, аталмыш рәсім форматы жеңілдетілген. Студенттерге ЖОО виртуалды қабылдау комиссиясына жүгінсе жеткілікті. Ауысу туралы өтініштері онлайн-режимде рәсімделеді.


Жаңалықтармен бөлісу: