ШҚО-дағы үлкен орман өртін сөндіру үшін құтқарушыларға арнайы тік ұшақ жіберілді

Алматы. 21 мамыр. ҚазТАГ – Шығыс Қазақстан облысындағы үлкен орман өртін сөндіру үшін көмекке құтқарушыларға арнайы тік ұшақ жіберілді, деп хабарлады ШҚО ТЖД баспасөз қызметінен.  
«Өскеменнен Семейге су төгетін құрылғысы бар МИ-8 тік ұшағы ұшып шықты. Орман өртін сөндіруге 2 су тасығыш көлік жіберілді. Қатты жел де өрт сөндірушілердің жұмысын қиындатып тұр. Жеке құрам мен орман шаруашылығының қызметкерлері көру мүмкіндігі мықты төмен жағдайда жұмыс жасап жатыр – түтін қатты. Синоптиктердің ақпарынша, сағат 15.00-ге таман орман аймағындағы ауа температурасы  27 градустан жоғары болған», - деді дүйсенбіде құтқарушылар.
Соңғы ақпар бойынша, өрттің болжалды алаңы 10-12 га. жетуі мүмкін.
«Жақын маңдағы тұрғын үй қалашықтарына төніп тұрған қауіп туралы ақпарат жоқ. Өртті сөндіруге  10 АЦ мен «Өрт сөндіру қызметі және апаттық құтқару жұмыстары» ММ 35 адамы, орман шаруашылығының 18 дана техникасы мен 40 қызметкері жұмылдырылды.   2 трактор жерлерді жырту үшін жіберілген. Белгілі болғандай, өрт кей жерлерде төменде, кей жерлерде жоғарыдан тарап жатыр, мұның өзі жалпы құтқарушылар жұмысын қиындатып отыр. Семей ТЖБ гарнизоны қосымша күш пен құралдарды күшейту үшін дабыл қағып жұмыс жасауда», - деді ШҚО ТЖД-ден.  
Еске салсақ, бұған дейін хабарланғандай, өрт Семейден алыс емес жерде Красный кардон орман аймағында орын алған.  

adimage