ШҚО-да ТҮКШ басшысы мен ЖШС директоры бірқатар сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін сотталды

Күні: 13:01, 10-10-2019.

Астана. 10 қазан. ҚазТАГ - Шығыс Қазақстан облысында энергетика және тұрғын үй шаруашылығы басқармасының (ТҮКШ) басшысы мен ЖШС директоры бірқатар сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін сотталды, деп хабарлады ҚР сыбайлас жемқорлықпен күрес агенттігінің баспасөз қызметінен.
«Шығыс Қазақстан облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі бірқатар сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны үшін күдікті болған облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы А.Арсламбаевқа және «ШҚО тұрғын үй-пайдалану басқармасы» ЖШС директоры А.Әубәкіроваға қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады. (…) Ағымдағы жылдың 9 қазанында Өскемен қаласының № 2 сотының үкімімен А. Арсламбаев жоғарыда көрсетілген қылмыстардың барлық құрамы бойынша мемлекеттік қызметте лауазым иелену құқығынан өмір бойына айырыла отырып, 4 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеуге; А.Әубәкірова аса ірі мөлшерде бюджет қаражатын ұрлағаны, қызмет өкілеттігін теріс пайдаланғаны және қызметтік жалғандық жасағаны үшін мемлекеттік қызметте лауазым иелену құқығынан өмір бойына айырыла отырып, 4 жыл 7 айға бас бостандығынан айыруға сотталды», - делінген бейсенбіде таратылған хабарда.
Сыбайлас жемқорлықпен күрес қызметінің ақпарынша, олар «ШҚО Өскемен қаласының Самар тас жолы бойынша «Өркен-ЖМК» индустриялық аймағына инфрақұрылым құрылысы», «ШҚО Ұлан ауданы Украинка ауылындағы су құбыры мен су тарту желілері құрылысы», «ШҚО Ұлан ауданы Сағыр ауылындағы сумен жабдықтау желілерінің құрылысы» нысандары бойынша жобалық-сметалық құжаттарды әзірлеуге бөлінген 70,1 млн теңге сомаға орындалған жұмыстардың жалған актілеріне қол қою арқылы бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілініп отыр.


Жаңалықтармен бөлісу: