ШҚО-да саяси пана сұрап Қытайдан келген қазақтарға үкім шығарылды

Астана. 21 қаңтар. ҚазТАГ – Шығыс Қазақстан облысында саяси пана сұрап Қытайдан келген қазақтар Қастер Мұсақанұлы мен Мұрагер Әлімұлына үкім шығарылды, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«Сот олардың әрқайсысын бір жылға бас бостандығынан айырды, бірақ әр күнді екі күн деп есептеп, қорытындысында олар абақтыда әрқайсысы бес ай 25 күннен өткізеді», - делінген сейсенбіде Зайсанда сот ғимаратында жиналғандарға сот залында оқылған үкімде.
Ол нақтылағандай, сотталмағандар Қазақстаннан жер аударылмайды.
Бұл шешімді ҚХР-дан келген екі этникалық қазақты қолдауға келгендер қол шапалақтаумен қарсы алды.
Еске салсақ, 14 қазанда ҚазТАГ ХАА Кастер Мусаканұлы мен Мурагер Алимулы – этникалық қазақтар, Қытай азаматтары, 1 қазанда шекарадан заңсыз өткендер деп хабарлаған еді. Оладың айтуынша, олар қытайлық биліктің этникалық азшылықты қудалауынан қашып келген. 10 қазанда олар билікке беріліп, өз жағдайларын айтып, Қазақстаннан саяси қорған сұрау үшін Алматыға жеткен. Кейін екеуі де қамауға алынды.
5 желтоқсанда ҰҚК баспасөз қызметі интернет желісінде  ҚР ҰҚК төрағасының орынбасары - ҚР ҰҚК шекара қызметінің директоры Дархан Ділмановтың берген сұхбатын жариялаған еді, ол сұхбатында Қытайдан Қазақстанға саяси қорған іздеп қашқан этникалық қазақтар – ҚХР екі азаматына қатысты жағдайға түсінік берген еді.
6 қаңтарда ШҚО Зайсанда Мұсақанұлы мен Әлімұлына қатысты сот басталды. Оларды «мемлекеттік шекарадан әдейі заңсыз өту» бабы бойынша жауапқа тартуда. Сот екі этникалық қазақты қолдаушылардың жаппай мәлімдемелері фонында өтіп жатыр.
Босқындар статусы туралы БҰҰ конвенциясы – 1950 жылғы 14 желтоқсандағы БҰҰ Бас ассамблеясының 429 (V) резолюциясына сәйкес шақырылған уәкілетті өкілдер конференциясында 1951 жылы 28 шілдеде Женевада қабылданған конвенция. Конвенция «босқындар» түсінігіне анықтама береді және босқын статусы берілетін жалпы негіздерді белгілейді. Конвенция мемлекеттік қауіпсіздік мүддесіне орай босқындарды қайтаруға жол береді, бірақ оларды қудалаудан қауіптеніп, оларды қашып келген елдеріне қайтаруға тиым да салады.
Қазақстан Конвенцияға 1998 жылы қосылған.

adimage