Сейсенбі күні KASE индексі 0,78%-ға 2242,15-ке өсті

Алматы. 18 маусым. ҚазТАГ - Қазақстан қор биржасында (KASE) сейсенбі күнгі сауда-саттық қорытындысы бойынша KASE индексінің мәні 0,78% -ға 2224,73-тен 2242,15-ке дейін өсті.
Индекстің өкілетті тізіміне енгізілген акциялармен жасалған мәмілелер көлемі алдыңғы сауда-саттық күнімен салыстырғанда 3,9 есе өсіп, Т71,9 млн. немесе $187,3 мыңды құрады.
Биржа ақпаратына сәйкес, сауда барысында KAZ Minerals PLC (+0,3%), «Кселл» АҚ (+0,9%), «KEGOC» АҚ (+0,4%), «Қазақтелеком» АҚ (+2,3%) және «ҚазТрансОйл» АҚ (+1,7%).акцияларының бағасы өскен.
Ал «Банк ЦентрКредит» АҚ (-0,2%) және «Қазақстан Халық банкі» АҚ (-0,1%) акцияларының бағасы түсті.

adimage