Астана. 14 шілде. ҚазТАГ - Сейсенбі күні Қазақстанның батысы мен шығысында ғана тек кей жерлерде жаңбыр жауып, күн күркірейді, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Республиканың басым бөлігі бұрынғыша антициклонның ықпалында болады – жауын-шашынсыз ыстық ауа райы сақталады. Тек ҚР батысы мен шығысында атмосфералық фронталды бөліктердің ықпалымен кей жерлерде жаңбыр жауады, күн күркірейді. Кей жерлерде жел күшейеді, оңтүстігі мен батысында шаңды дауыл соғады», - делінген хабарда.
Нұр-Сұлтанда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан 5-10 м/с жел тұрады. Ауа температурасы күндіз +30+32, түнде +15+17.
Алматыда аздаған бұлтты, жауын-шашынсыз. 0-5 м/с жел тұрады. Ауа температурасы күндіз +29+31, түнде +17+19.
Шымкентте құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан 8-13 м/с жел тұрады. Ауа температурасы күндіз +35+37, түнде +20+22.
Ақмола облысында аздаған жаңбыр жауады, күн күркірейді, 15-20 м/с жел тұрады, күн ысиды. Күндіз +30+35, түнде +13+18.
Шығыс Қазақстан облысында жаңбыр жауады, күн күркірейді, 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +23+28 (оңтүстігінде +20), түнде +13+18 (оңтүстігінде +10).
Қарағанды облысында жауын-шашынсыз, кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады, күн ысиды, басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Күндіз +28+33 (оңтүстігінде +25), түнде +11+16 (оңтүстігінде +21).
Алматы облысында жауын-шашынсыз, 15-20 м/с жел тұрады, төтенше өрт қаупі сақталады. Күндіз +29+34, түнде +15+20.
Түркістан облысында жауын-шашынсыз, 15-20 м/с жел тұрады, төтенше өрт қауіптілігі сақталады. Күндіз +32+37 (батысында +40), түнде +18+23 (батысында +26).
Павлодар облысында күндіз өткінші жаңбыр жауады, күн күркірейді, 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +27+32, түнде +13+18.
Жамбыл облысында жауын-шашынсыз, 15-20 м/с жел тұрады, басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Күндіз +31+36, түнде +17+22.
Қостанай облысында жауын-шашынсыз, күн ысиды, 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +30+35 (оңтүстігінде +39), түнде +12+17 (оңтүстігінде +22).
Солтүстік Қазақстан облысында жауын-шашынсыз, күн ысиды. Күндіз +30+35, түнде +15+20.
Маңғыстау облысында күндіз жаңбыр жауады, күн күркірейді, күндіз қатты ыстық күтіледі, 15-20 м/с жел тұрады, шаңды дауыл соғады. Күндіз +33+38, түнде +23+28.
Атырау облысында түнде өткінші жаңбыр жауады, күн күркірейді, күн ысиды, төтенше өрт қаупі сақталады. Күндіз +34+39, түнде +25+30.
Қызылорда облысында жауын-шашынсыз, күн ысиды, 15-20 м/с жел тұрады, төтенше өрт қауіптілігі сақталады. Күндіз +38+43, түнде +22+27.
Ақтөбе облысында жауын-шашынсыз, қатты ыссы болады, төтенше өрт қаупі сақталады. Күндіз +34+39 (батысында +42), түнде +19+24 (оңтүстігінде +27).
Батыс Қазақстан облысында жаңбыр жауады, күн күркірейді, қатты ыссы болады, төтенше өрт қаупі сақталады, 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +34+39 (оңтүстігінде +43), түнде +19+24 (оңтүстігінде +27).
«Алдағы тәулікте республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында және шығысындағы таулы өзендерде айтарлықтай өзгеріс күтілмейді, су деңгейінің құбылуы байқалады», - деп ескертті синоптиктер
Қатысты сілтемелер
-
Түркістанда жолдарды түгендеу және паспорттау қызметіне Т150 млн жұмсамақ28 Наурыз 2024, 17:22
-
ТЖМ Қазақстандағы су тасқыны бойынша жедел ақпарат ұсынуға қауқарсыз болып шықты28 Наурыз 2024, 17:17
-
Ауыр қылмыс жасаған екі күдікті Түркиядан Алматыға жеткізілді28 Наурыз 2024, 17:07
-
Тоқаев ЭЫДҰ бас хатшысымен кездесті28 Наурыз 2024, 16:51
-
Қазақстанда 15 сәуірден жол жүрісі қауіпсіздігі бойынша жаңа жобаның пилоты басталмақ28 Наурыз 2024, 16:34