Сейсенбі күні Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі

Астана. 16 шілде. ҚазТАГ – Сейсенбі күні Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Республиканың басым бөлігіне антициклон ықпал етеді, соған байланысты ауа райы жауын-шашынсыз болады. Тек республиканың батысында, солтүстік-батысында ғана атмосфералық фронттар өтеді, соған байланысты жаңбыр жауып, найзағай ойнап, жел күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін», - деп хабарлады синоптиктер.
Нұр-Сұлтанда аздаған бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан 3-8 м/с жел тұрады. Ауа температурасы күндіз +33+35, түнде +18+20.
Алматыда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. 0-5 м/с жел тұрады. Ауа температурасы күндіз +33+35, түнде +20+22.
Шымкентте аздаған бұлтты, жауын-шашынсыз. Шығыстан 8-13 м/с жел тұрады. Ауа температурасы күндіз +38+40, түнде +20+22.
Батыс Қазақстан облысында күндіз кей жерлерде өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, 15-20 м/с жел тұрады, бұршақ жаууы мүмкін. Күндіз +25+30, түнде +12+17.
Шығыс Қазақстан облысында күндіз кей жерлерде найзағай ойнайды, шаңды дауыл тұрады, 15-20 м/с жел тұрады, кей жерлерде төтенше өрт қауіптілігі сақталады. Күндіз +29+34, түнде +12+17.
Маңғыстау облысында кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады, шаңды дауыл тұрады, кей жерлерде қатты ыстық күтіледі. Күндіз +32+37, түнде +20+25.
Қызылорда облысында күндіз кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады, кей жерлерде қатты ыстық күтіледі, кей жерлерде төтенше өрт қауіптілігі сақталады. Күндіз +36+41, түнде +23+28.
Қарағанды облысында күндіз кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады, қатты ыстық болады, кей жерлерде өте қатты ыстық болады, кей жерлерде төтенше өрт қауіптілігі сақталады. Күндіз +30+35, түнде +12+17.
Қостанай облысында түнде кей жерлерде аздаған өткінші жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады, кей жерлерде қатты ыстық күтіледі. Ауа температурасы күндіз +27+32, түнде +17+22.
Алматы облысында қатты ыстық күтіледі, төтенше өрт қауіптілігі сақталады. Күндіз +33+38, түнде +17+22.
Ақтөбе облысында қатты ыстық күтіледі, кей жерлерде төтенше өрт қауіптілігі сақталады. Ауа температурасы күндіз +30+35, түнде +15+20.
Ақмола облысында күндіз қатты ыстық күтіледі. Ауа температурасы күндіз +30+35, түнде +15+20.
Түркістан облысында кей жерлерде қатты ыстық күтіледі, төтенше өрт қауіптілігі сақталады. Күндіз +35+40, түнде +19+24.
Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде қатты ыстық күтіледі. Ауа температурасы күндіз +29+34, түнде +17+22.
Жамбыл облысында кей жерлерде төтенше өрт қауіптілігі сақталады. Ауа температурасы күндіз +36+41, түнде +18+23.
Павлодар облысында күндіз +29+34, түнде +15+20.
Атырау облысында күндіз кей жерлерде аздаған жаңбыр жауады. Күндіз +29+34, түнде +15+20.
«Алдағы тәулікте республкианың оңтүстігіндегі, оңтүстік-шығысы мен шығысындағы өзендерде су деңгейінің құбылуы байқалады. Түркістан және Қызылорда облыстары шетіндегі Сырдария өзенінде Шардара су қоймасынан судың келуіне байланысты су деңгейінің көтерілуі байқалады. Жазықтық аумақтардағы өзендерде гидрологиялық режимде өзгеріс күтілмейді», - деді синоптиктер.

adimage