Сейсенбі күні Қазақстанның барлық аумағында қар күтіледі

Астана. 21 қаңтар. ҚазТАГ - Сейсенбі күні Қазақстанның барлық аумағында қар күтіледі, деп хабарлады «Казгидромет РМК баспасөз қызметінен.
«Қазақстанның барлық аумағы орталығы Архангельск түбінде орналасқан циклонның ықпалында болады, соған байланысты қар жауады, батысында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында жауын-шашын түседі. Республика бойынша кей жерлерде тұман күтіледі, көктайғақ, жел күшейеді, солтүстігі мен шығысында бұрқасын соғады», - делінген хабарда.
Нұр-Сұлтанда көшпелі бұлтты, кейде қар жауады, жаяу бұрқасын соғады. Оңтүстіктен 9-14 м/с жел тұрады. Ауа температурасы күндіз -4-6, түнде -7-9.
Алматыда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. 0-5 м/с жел тұрады. Ауа температурасы күндіз 0-2, түнде -3-5.
Шымкентте көшпелі бұлт шығады, кейде жауын-шашынды (жаңбыр, қар). Оңтүстік-батыстан 8-13 м/с жел тұрып, солтүстік-батысқа ауысады. Ауа температурасы күндіз 0+2, түнде 0-2.
Жамбыл облысында күндіз кей жерлерде жауын-шашынды, түнде кей жерлерде аздаған қар аралас жаңбыр жауады, кей жерлерде тұман күтіледі, көктайғақ, күндіз 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз 0+5, түнде -1-6.
Түркістан облысында күндіз кей жерлерде жауын-шашынды, түнде кей жерлерде аздаған қар аралас жаңбыр жауады, кей жерлерде тұман түседі, көктайғақ, 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз -1+4, түнде -4+1.
Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде қар күтіледі, бұрқасын, 15-20 м/с жел тұрады, түнде және ертеңгісін кей жерлерде тұман түседі. Күндіз -3-8, түнде -12-17.
Павлодар облысында кей жерлерде қар жауады, тұман түседі, 18 м/с жел тұрады. Күндіз -7-12, түнде -15-20.
Ақмола облысында қар күтіледі, кей жерлерде тұман түседі, жаяу бұрқасын соғады. Күндіз -3-8, түнде -7-12.
Солтүстік Қазақстан облысында күндіз кей жерлерде, түнде бүкіл өңірде қар күтіледі, кей жерлерде тұман түседі, жаяу бұрқасын соғады. Күндіз -8-13, түнде -8-13.
Ақтөбе облысында күндіз бүкіл өңірде, түнде кей жерлерде қар күтіледі, кей жерлерде тұман үседі, жаяу бұрқасын соғады. Күндіз 0-5, түнде -3-8.
Қостанай облысында күндіз бүкіл өңірде, түнде кей жерлерде қар күтіледі, кей жерлерде тұман түседі, көктайғақ, бұрқасын соғады. Күндіз -3-8, түнде -5-10.
Алматы облысында кей жерлерде қар жауады, тұман түседі, көктайғақ. Күндіз -2+3, түнде -3-8
Қызылорда облысында кей жерлерде аздаған қар аралас жаңбыр жауады, тұман түседі, көктайғақ. Күндіз 0-5, түнде -5-10.
Маңғыстау облысында кей жерлерде аздаған қар аралас жаңбыр жауады, тұман түседі, көктайғақ. Күндіз -2+3, түнде 0-5.
Атырау облысында кей жерлерде аздаған қар аралас жаңбыр жауады, тұман түседі, көктайғақ. Күндіз -3+2, түнде -2-7.
Батыс Қазақстан облысында кей жерлерде аздаған қар аралас жаңбыр жауады, тұман түседі, көктайғақ. Күндіз -3+2, түнде -1-6.
Қарағанды облысында кей жерлерде қар күтіледі, тұман, көктайғақ. Күндіз -5-10 (оңтүстігінде -2), түнде -8-13.
«Алдағы күндері республиканың таулы өзендерінде су деңгейі құбылады, мұз қату күшейеді», - деп ескертті синоптиктер.


adimage