Алматы.3 қазан.ҚазТАГ- Серік Кәріпбеков Алматы қаласының прокуроры болып тағайындалды, деп хабарлайды бас прокуратураның баспасөз қызметі.
«Мемлекет басшысының келісімімен Алматы қаласының прокуроры лауазымына аға әділет кеңесшісі Серік Ақмырзаұлы Кәріпбеков тағайындалды»,- делінген хабарламада.
2020 жылдың маусымынан бастап Бас прокуратураның Жедел-іздестіру, қарсы барлау қызметінің және жасырын тергеу әрекеттерінің заңдылығын қадағалау департаментінің бастығы болып жұмыс істеді.
Ол бірқатар жауапты қызметті атқарды, соның ішінде бөлім және басқарма бастығы, Бас прокуратураның Қылмыстық қудалау қызметі бастығының орынбасары.
Серік Кәріпбеков Алматы қаласының прокуроры болып тағайындалды
