Сенбі күні Жамбыл облысында дауылды ескерту жарияланды

Тараз. 21 ақпан. ҚазТАГ - Сенбі күні Жамбыл облысында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«22 ақпанда Жамбыл облысында кей жерлерде оңтүстік-батыстан, батыстан 15-20, екпіні 23-28 м/с жел тұрады, ертеңгісін және күндіз облыстың оңтүстік-батысында 30 м/с және одан да жоғары болады. Кей жерлерде тұман, көктайғақ, жаяу сырма күтіледі», - делінген жұма күні таратылған дауылды ескертуде.
Дауылды ескертудің ықтималдығы 90-95%.

adimage