Сенбі күні Нұр-Сұлтан мен Қостанай облыстарында жауын-шашын және жел күтіледі

Күні: 17:23, 08-11-2019.

Астана. 8 қараша. ҚазТАГ – Сенбі күні Нұр-Сұлтан мен Қостанай облыстарында жауын-шашын және жел күтіледі, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Нұр-Сұлтан қ.: 09 қарашада көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с», - делінген жұма күні таратылған дауылды ескертуде.
Қостанай облысының кей жерлерінде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, күші күндіз кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі.
«Қостанай қ: 9 қарашада оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, күндіз екпіні 18 м/с күтіледі», - деді синоптиктер.
Дауылды ескертудің ықтималдығы 80-95%.


Жаңалықтармен бөлісу: