Сенат төрағасының орынбасары Сергей Громов экология вице-министрі болып тағайындалды

Күні: 15:54, 14-08-2019.

Астана. 14 тамыз. ҚазТАГ - Қазақстан парламенті сенаты төрағасының орынбасары Сергей Громов ҚР экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі болып тағайындалды, деп хабарлады ҚР премьер-министрінің баспасөз қызметінен.
«ҚР Үкіметінің қаулысымен Сергей Николаевич Громов ҚР экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі қызметіне тағайындалды», - делінген сәрсенбідегі хабарда.
60 жасар Сергей Громов 1998 жылдан бастап мемлекеттік қызметте жұмыс істейді. Түрлі жылдары Оңтүстік Қазақстан облысында аудан әкімі, әкімнің бірінші орынбасары, Президент Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы болып жұмыс істеді. 2007 жылдан 2011 жыл аралығында «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясының аппарат басшысы, төрағасының орынбасары, хатшысы болды. 2011 жылғы қыркүйектен 2013 жыл аралығында ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары лауазымын атқарды. 2013 жылдың тамызынан 2016 жылдың қаңтары аралығында — V шақырылымындағы ҚР Парламенті Сенатының депутаты, Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі. 2016 жылдың қаңтарынан қазірге дейін — ҚР Парламенті Сенаты Төрағасының орынбасары.


Жаңалықтармен бөлісу: