Сарыарқа ауданының тұрғын үй алаптарында жаңа аулалар мен қоғамдық кеңістіктер абаттандырылуда

Астана. 30 шілде. ҚазТАГ – Сарыарқа ауданының тұрғын үй алаптарында жаңа аулалар мен қоғамдық кеңістіктер абаттандырылуда, деп хабарлады Нұр-Сұлтан әкімдігінің баспасөз қызметінен.
«Тұрғын үй алаптары Сарыарқа ауданы аумағының төрттен бір бөлігін алып жатыр. Биыл мұнда 7 аула мен 3 қоғамдық кеңістікті абаттандыру жоспарланған, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ресми сайты. Бүгінгі күні "Көктал-1" тұрғын алабында Ақтолқын-Бастық көшелері мен Жұмбақтас көшесінің қиылысында орналасқан 2 қоғамдық кеңістікті абаттандыру бойынша жұмыстар аяқталды», - делінген жұма күні таратылған хабарда.
Хабарда атап өтілгендей, аулалар мен қоғамдық кеңістіктерде футбол алаңы, воркаут-аймақтар, балалар ойын алаңдары орналасқан. Сонымен қатар саябақтарда, скверлерде, бульварларда тұрғындардың демалуы үшін тыныш аймақтар қарастырылып, шырша, үйеңкі және сирень отырғызылды.
Сондай-ақ, биылғы жылы Агроқалашық тұрғын алабы аумағында Оқжетпес-Герцен көшелерінің қиылысындағы қоғамдық кеңістікті абаттандыру жоспарланған. Бүгінгі таңда сквердің жобасы бекітілді.
Осыған ұқсас жұмыстар қаланың басқа аудандарында да жүргізілуде.
Айта кетейік, 2020 жылы Нұр-Сұлтанда 150-ден астам аула мен 60 қоғамдық кеңістік абаттандырылды, бұл 76 гектардан астам аумақты құрайды. Биыл 150 аула мен 40 қоғамдық кеңістік салынады және жөнделеді.
Еске сала кетейік, елордада абаттандыру жұмыстары "Нұр-Сұлтан – жайлы қала" тұжырымдамасы аясында жүргізіліп жатыр.

adimage