Самара-Шымкент тас жолында ауа райының қолайсыздығынан қозғалыс шектелді

Астана. 13 желтоқсан. ҚазТАГ - Самара-Шымкент тас жолында ауа райының қолайсыздығынан қозғалыс шектелді, деп хабарлады ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметінен.
«Ауа райы жағдайына байланысты (жаңбыр, көктайғақ) Самара-Шымкент тас жолының 1474-1568 км, Әйтеке би ауылынан «Төретам» стансасына дейін көліктің барлық түрі үшін қозғалыс шектелді», - делінген жұмада таратылған хабарда.
Жолда кездейсоқ жағдай туындаған жағдайда республикалық маңыздағы жолды пайдаланушылар қалалық телефон нөмірі арқылы +7 7172 444 777, сондай-ақ диспетчерлік қызметтің мобильді телефоны мен WhatsApp нөміріне хабарласа алады +7 771 7444 777.

adimage